418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда қонақ үй қирандысы астында қалған 22 адам іздестіріліп жатыр

  • 306
  • UPD: 11:00, 09.03.2020
Қытайда қонақ үй қирандысы астында қалған 22 адам іздестіріліп жатыр

Ғимараттың не себепті құлағаны туралы ресми ақпарат жоқ. Фуцзянь провинциясындағы 7 қабатты қонақ үй 7 наурыз күні опырылып түскен.

Құтқарушылар қиранды астында қалып қойған 22 адамды іздестіріп жатыр.

Кейінгі мәліметтер бойынша, арнайы мамандар 49 адамға көмек көрсетіп үлгерген. Оның 10-ы алған жарақатынан көз жұмды. Ресми дереккөздерде 71 адамды үйінді басып қалғаны айтылады. Нысанда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған азаматтармен байланыста болған тұлғалар уақытша тұрақтаған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ол жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.

Хабар 24 телеарнасы