421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда Наурыз мерекесін тойлау шаралары өткізілмейді

  • 693
  • UPD: 10:06, 12.03.2020

Иранда бір тәулікте коронавирусты жұқтырудың 958 жаңа дерегі тіркеліп, 63 адам көз жұмды. Осылайша мұнда індетке шалдыққандар саны 9 мыңнан асты.

354-і қайтыс болған. 3 мыңы айығып шыққан. Билік вирустың тез таралуына тосқауыл қоюға тырысып жатыр. Сондықтан Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шаралар өткізілмейді. Президент тұрғындарды алдағы мереке күндері саяхаттан бас тартуға шақырды. Ал орталық банк вирустың тез таралуын тежеу үшін қағаз ақшаны қолданбауға кеңес берді. Бұған дейін мұнда білім беру мекемелерінде сабақтар тоқтатылған еді. Сондай-ақ мәдени және спорттық шаралар кейінге шегерілді. Жағдайдың ушығуына байланысты Бахрейн Иранда жүрген 165 азаматын эвакуациялайтын болды. Олардың 77-ісінде коронавирусқа жасалған тест оң нәтиже көрсеткен.

Хабар 24 телеарнасы