420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Черногорияда коронавирусты алғашқы адам жұқтырды

  • 382
  • UPD: 15:36, 18.03.2020
Черногорияда коронавирусты алғашқы адам жұқтырды

Черногорияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. БАҚ өкілдерінің мәліметінше, дертке екі әйел адам шалдыққан.

Олар осыдан 2 апта бұрын АҚШ пен Испаниядан оралыпты. Айта кетейік, профилактика мақсатында жергілікті билік дүйсенбіден бастап халықаралық жолаушылар тасымалын тоқтатты. Бұған қоса, бүкіл ел бойынша білім беру мекемелері, кафелер мен мейрамханалар жабылған. Қоғамдық іс-шара өткізуге де шектеу қойылған. 

Душко Маркович, Черногория премьер-министрі: 

- Бүгіннен бастап коронавирустің алдын алу бағытталған шаралардың жаңа кезеңі басталады. Қазір Черногорияда екі адамның ауру жұқтырғаны анықталып отыр. Оның бірі 1948 жылы туған. Екіншісі 1973 жылғы. Екеуі де жуырда індет өршіген елдерге барып қайтқан. Қазір олар Клиникалық орталықта. Денсаулық жағдайлары тұрақты. 

Айта кетейік, бүгінге дейін Черногория елі Еуропада коронавирус тіркелмеген жалғыз ел болып келді. Ал бүкіл әлемдегі ахуалға келер болсақ, соңғы мәлімет бойынша осы уақытқа дейін 194 мың адам вирус жұқтырған. 7800 азамат қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы