411,57 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда коронавирустан көз жұму дерегі азаймай тұр

  • 256
  • UPD: 11:33, 27.03.2020
Италияда коронавирустан көз жұму дерегі азаймай тұр

Италияда жағдай оңалар емес. Апенин түбегінде өткен тәуліктің ішінде аты жаман аурудан 662 адам жан тапсырды.

4 мың 500-ге жуығы вирус жұқтырғандардың қатарына қосылды. Осылайша ел аумағы бойынша науқастардың саны 80 мыңнан асады. Барлығы 8 мыңнан астам тұрғын көз жұмды. Ақпарат көздері коронавирустан 33 медицина қызметкері қайтыс болғанын хабарлайды. Сонымен қатар осы саланың 6 мың 200 маманы КОВИД-19-ды жұқтырған. Бергамо қаласының шіркеулері мен зираттарында бос орын жоқ. Кеселден қайтыс болғандардың барлығын әскери техникамен өзге қалалардағы крематорийлерге жіберіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы