425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда дерттен келген өлім саны көбейген

  • 489
  • UPD: 08:21, 02.04.2020
Испанияда дерттен келген өлім саны көбейген

Испанияда «Ковид-19»-дан қайтыс болғандардың саны күн сайын артуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте дерттен 864 адам көз жұмып, қаза тапқандардың жалпы саны 9 мыңнан асты. Ал індетке шалдыққандар 102 мыңға жетті.  Олардың арасында, дәрігерлер де көп. Қауіпті вирусты 12 мыңнан астам дәрігер жұқтырған. Ақпарат құралдары вирус көп таралған аймақтардағы жағдай соғыс кезіндегідей ахуалға ұқсайтынын хабарлайды. Мысалы, Мадрид көшелерінде дала ауруханалары көбейген.

Хабар 24 телеарнасы