413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда жүрген жүз қазақстандық елге оралды

  • 411
  • UPD: 23:27, 03.04.2020

Бүгін Қазақстанның жүз азаматы Оңтүстік Кореядан елге оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші сәуірден бастап Алматы әуежайы жолаушы ұшақтарын қабылдамаса да, Үкімет Инчоннан ұшып шықан әуе көлігінің қонуына рұқсат беруді шешті.

Бұл рейспен Таиланд және Жапонияда кідіріп қалған қазақстандықтар да Отанына жете алды. Олар үйіне қайту үшін арнайы Сеулге ұшып келген. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяда жұмыс істеген жерлестеріміз де еліне оралуға ниет білдірді. Өйткені коронавирус салдарынан көптеген кәсіпорындар жабылған болатын. Оңтүстік Кореяда емделген жерлестеріміз де бұл рейспен үйіне қайтты.

Владислав Цой, тілші:

– Кореядан Қазақстанға ұшатын осы айдағы соңғы рейстің жолаушылары Алматыда қиындықтарға тап болуы мүмкін. Өйткені қала карантинде. Ал кейбір жолаушылар Қазақстанның басқа қалаларына баруы керек.

Қызылорда тұрғыны Валерия Тян, Қытайдағы Нанкин университетінің студенті. Оныншы сәуірде оның виза мерзімі аяқталады.

Валерия Тян, жолаушы:

– Қытайдан Қазақстанға қатынайтын рейске билет бағасын тым көтеріп жіберді. Сол себептен Оңтүстік Кореяға ұшуға тура келді. Алматыдан әрі қарай Қызылордаға баруым керек. Алайда әуе қатынасы тоқтап, пойыз бен автобус жүрмейтіндіктен, қалай жетерімді білмей тұрмын.

Александр Шпеит болса соңғы сапарына атанды. Ол Асан қаласында туберкулёзден қайтыс болған. Туыстары емін төлей алмағандықтан, елшілік қызметкерлері ауруханаға шығынын өтеп, кремациясын төлеген қоғамдық ұйымды тапты. Бұл Оңтүстік Кореяда қайтыс болған екінші азаматымыз. Жақында цирроздан Пётр Те дүние озған. Дипломаттарымыз оны кремациялау және күлін Ақтөбеге апару туралы келісті. Сондай-ақ, Сеулден Алматыға қайырымдылық көмек те жеткізілді. Жергілікті бір компания коронавирусты анықтайтын тесттерді жөнелтті.

Ким Кван Бом, компания директоры:

– Қазақстан Үкіметімен екі мың тестті тегін өткізу туралы келістік. Оның бір мыңы Корея Үкіметінің көмегі ретінде Алматыда қолданылған. Қалғанын компаниямыз сатып алып,  Қазақстан Үкіметі белгілеген мемлекеттік ауруханаға реагенттер түрінде тапсырдық.

Індет өршіп тұрған кезде де елдеріміз арасындағы ынтымақтастық жалғасып келеді. Жақында дипломаттарымыз Сеул мен Нұр-Сұлтан дәрігерлері арасында бейнеконференция ұйымдастырды.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы