411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда дәрігерлер ереуілге шықты

  • 132
Грекияда дәрігерлер ереуілге шықты

Грекияның Афина қаласында дәрігерлер ереуілдетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

дәрігү

Шаһар көшелеріне жиналған жұрт пандемияға қарсы күресте дәрігерлер мен медициналық құрал-жабдықтың тапшылығына наразы. Жуырда Грекия билігі медицина саласына 3 мыңнан астам ақ халатты маман жұмылдырылғанын хабарлаған болатын. Алайда дәрігерлер бұл жеткіліксіз деп отыр. Қазір бұл елде «КОВИД-19» диагнозымен 1800-ден астам адам ауруханада жатыр.  81 науқас көз жұмды.

Илиас Сиорас, дәрігерлер кәсіподағының басшысы:

– Бізге 3 мың емес, 30 мың дәрігер керек. Коронавируспен күресте жекеменшік секторды да жұмылдыру керек. Науқастарды орналастыратын бос орын мен интенсивті терапияға арналған бөлімшелер қажет. Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін де ойлайық. Мұндай жағдайда денсаулық сақтау саласы осал болмауы керек.

Хабар 24 телеарнасы