Индонезияда Анак-Кракатау жанартауы қайта атқылап, бірнеше рет аспанға күл шашты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыған байланысты барлық төтенше қызмет жоғары әзірлік жағдайына келтірілді. Билік жанартаудан төнген қауіп күшейетін болса, жақын елді мекендердегі халықты көшіруді бастайтынын айтады.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсан айында Индонезия жағалуына алып толқындар соғып, 430 адам қаза тапты. Мамандардың айтуынша, табиғат апаты дәл осы Анак-Кракатау жанартауының белсенділігінен туған.