428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда коронавирустан көз жұмғандар саны төмендеп келеді

  • 283
  • UPD: 08:56, 27.04.2020
Испанияда коронавирустан көз жұмғандар саны төмендеп келеді

Испанияның Севилья қаласының тұрғындары жан-дүниені жадыратар сәуір жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл фестиваль Испанияда 1874 жылдан бері үзбей өтіп келеді. Осылайша, қала тұрғындары музыка, тамақ, би және ойын-сауық арқылы ерекше көктемгі атмосфераны жасайды. Алайда, коронавирус індетіне байланысты елдегі барлық бұқаралық іс-шаралар қыркүйек айына дейін тоқтатылды. Дегенмен, испандықтар оны тойлаудың өзге әдісін тапты. Олар өз үйлерінің террасалары мен балкондарына шығып ән айтып, би биледі. Кейбірі тіпті дәстүрлі испан костюмдерін киіп алған. Испанияда биыл коронавирусқа байланысты дәстүрлі бұқалар жүгірісі де өткен жоқ.

Испания үкіметінің басшысы Педро Санчестің айтуынша, елде коронавирустан көз жұмғандардың саны төмендеп келеді. Вирустан шамамен 100 мыңға жуық адам емделіп шықты. Егер бұл жалғасатын болса, онда 2 мамырдан бастап ел тұрғындарына серуендеуге және спортпен айналысуға рұқсат етіледі. Айта кету керек, қазір Испанияда коронавирусты 230 мыңға жуық адам жұқтырған. Індет 22 мыңнан астам адамның өмірін жалмады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы