425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда індеттің таралу қаупі сейілді

  • 377
  • UPD: 15:18, 04.05.2020
Иранда індеттің таралу қаупі сейілді

Иран президенті Хасан Рухани елдің 132 қаласында коронавирустың таралу қаупінің төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды IRNA агенттігі.

Қауіп деңгейі төмен 132 қалада мешіттер ашылып, жұма намазы оқылатын болды. Отырыста президент корнавирус инфекциясының таралуын тоқтатуға арналған Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған хаттаманы ұстанғаны үшін ел тұрғындарына алғыс білдірді.

Руханидың айтуынша, коронавирус инфекциясы бар адамдарды анықтаудың бірінші кезеңі аясында 50 миллионнан, ал екінші кезеңінде 30 миллионнан астам адам скриннингтен өткен. Президент пандемияның аяқталу мерзімі әзірге белгісіз екенін хабарлады. Рухани сондай-ақ әлем бойынша 80-нен астам орталық вирусқа қарсы вакцинаны табуға тырысып жатқанын атап өтті.

Елдегі мектептерді 9 немесе 16 мамырдан бастап ашу туралы ұсыныстар келіп түскен. Бірақ нақты шешім әлі қабылданған жоқ. 3 мамыр күнгі соңғы деректер бойынша Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 96448 адамға жеткен. 6156 адам вирустан қайтыс болған. 77350 адам емделіп, ауруханадан шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы