425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

CDC экспресс-тестілердің нәтижелі боларына күмәнмен қарайды

  • 347
  • UPD: 22:53, 09.05.2020

Халықты жаппай коронавирус белгілеріне тексеру арқылы ғана «КОВИД-19-дың» қалай таралатынын түсінуге болады.

Бұл туралы «СиДиСи» директоры Дэниел Сингер мәлімдеді. Ол АҚШ-тағы экспресс тестілерге күмәнмен қарайтынын айтып, оның орнына ПЦР-тестілеуді қолдануды ұсынды. Осы мақсатта АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары Қазақстанға 1 миллион 600 мың доллар қаржы бөлмек ниетте. Бұл қаражат Орталық Азия елдеріне 6,8 миллион доллар көлемінде кешенді көмек көрсету аясында мақұлданған. Сингердің сөзінше, аталған ақшаға зертханалық жабдықтар, вирус белгілеріне тестілеу жасауға қажетті құралдар сатып алынады. Техникалық көмек те көрсетіледі.

Дэниел Сингер, Орталық Азия бойынша CDC директоры:

– Бірінші кезекте зертханаларға көмек көрсетіледі. Бұл мәселеде Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмыс істемекпіз. Тест санының артуы науқастарды жылдам анықтап, елде вирустың таралуын бақылауда ұстауға септігін тигізеді. Жалпы, біз экспресс-тестілерге күмәнмен қараймыз. Сол себепті ауруды анықтауда ПЦР-тесттер мен арнайы жабдықтар таптырмас құрал деп есептейміз. Бұдан бөлек, медициналық қызметкерлер үшін тренингтер ұйымдастыру мен шекарада денсаулық сақтау жөніндегі шараларды өткізу үшін техникалық көмек көрсету жағы да қарастырылған.

 

Хабар 24 телеарнасы