418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған сегіз адам ұсталды

  • 178
  • UPD: 14:50, 12.05.2020
Венесуэлада мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған сегіз адам ұсталды

Венесуэлада әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған тағы 8 адамды ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қамауға алынғандар ел аумағына заңсыз жасырын кірген. Бірақ олардың қандай елдің азаматтары екені белгісіз.

Еске сала кетейік, осы айдың бас кезінде ресми Каракас Колумбиядан катерлермен ел аумағына өткен жалдамалы қарулы топты қолға түсіргенін мәлімдеді. Олардың екеуі АҚШ азаматы болып шықты. Николас Мадуроның айтуынша, олар президент Дональд Трамптың Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері. Алайда, Вашингтон бұл айыпты жоққа шығарып отыр.

Хабар 24 телеарнасы