419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нобель сыйлығының лауреаты өмірден озды

  • 222
Нобель сыйлығының лауреаты өмірден озды Газета.Ру

Америкалық әлеуметтанушы және экономикадан Нобель сыйлығының лауреаты Оливер Уильямсон 87 жасында бақилыққа аттанды.

Бұл туралы The Washington Post хабарлады.

Басылым мәліметінше, Уильямсон бизнестің, үкіметтік институттар мен біріккен мекемелердің және өзге ұйымдардың ішкі жұмысының сараптамасымен айналысқан.

Ғалым 21 мамыр күні Калифорнияда көз жұмған. Қайғылы жағдайды Беркли университеті де растады. Уильямсон бұл оқу орнында 30 жылға жуық жұмыс істеген.

Хабар 24 телеарнасы