405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда саябақтар қайта ашылды

  • 104
  • UPD: 22:01, 30.05.2020
Францияда саябақтар қайта ашылды

Бүгін Францияда 3 ай бойы жабық тұрған саябақтар қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол-ақ екен көк желекті саялауға ағылған жұрт күрт көбейді. Жергілікті билік мұндайда сақ болуды ескертіп әлек. Өйткені ел астанасы Париж бастаған кей қалада әлі күнге дейін вирустың таралу қаупі жоғары. Сондықтан саябақтарға кіре берістерге антисептиктер орнатылып, келушілердің әлеуметтік қашықтықты сақтауына жіті мән берілуде.

 

Хабар 24 телеарнасы