418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауасы бәрінен таза жер

  • 309
  • UPD: 18:14, 03.06.2020
Ауасы бәрінен таза жер

Мамандардың тұжырымын ДНҚ нәтижесі растады.

Колорадо университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, планетадағы ауасы ең таза аймақты атады. Ғылыми жаңалықтың жай-жапсарын Proceedings of the Natural Academy of Sciences журналынан оқуға болады.

Олардың сөзінше, Жер шарында адамның әрекетінен бастапқы қалпы бұзылмаған, бүлінбеген табиғат қалмаған.

Десе де ғалымдар Антарктиданы қоршай орналасқан Тынық, Атлант және Үнді мұхитының оңтүстік бөліктері, бір сөзбен айтқанда, Оңтүстік мұхитта ауа саф күйінде дейді.

Бұл көземелге көз жеткізу үшін сарапшылар Антарктида жағажайларына сапарлайды. Жолай ауа сынамасын алып, ондағы бактерияларды зерттеген. ДНҚ қорытындысы ғалымдардың  пайымы қисынды деуге негіз болып отыр. 

Аударған: Н.Т

Хабар 24 телеарнасы