411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың ойын-сауық саласы вирус кесірінен шығынға батты

  • 118
  • UPD: 17:03, 04.06.2020

Коронавирус індеті Қытайдың ойын-сауық саласына елеулі нұқсан келтірді. Жылдың басынан бері 5 мыңнан аса кино және телекомпания жұмысын тоқтатуға немесе уақытша жабылуға мәжбүр болды. Кино саласы биыл 4 млрд доллардан астам шығынға батуы мүмкін.

Қытайда жақын арада кинотеатрлар ашылуы мүмкін. Бірақ санитарлық ережелер мұқият сақталуы керек. Күн сайын дезинфекция жүргізіліп, көрермендер алшақ отыруға тиіс. Оларды санитайзерлемен қамтамасыз ету де міндет. Ал ел тұрғындары кинотеатрларға баруға дайын ба?

БЛИЦ: 

- Жалпы Бейжіңде қазір жағдай қауіпсіз. Егер кинотеатрлар барлық шараны сақтап, кіреберісте дене қызуын өлшесе, баруға болады.

- Кинотеатрлар қауіпсіздік шараларын сақтаса, барамыз.       

- 2019 жыл Қытай кинотеатрлары үшін сәтті болды. Табысы 9 млрд доллардан асты. Алайда карантин кезінде үкімет елдегі барлық кинотеатрларды жауып тастады. Голливудта түсірілген фильмдер де пайдадан қағылды. Қытайда шетел фильмдерін көрсетуге шектеу бар, жылына жалпы саны 34-тен аспауы керек. Дегенмен бұл ел Голливуд үшін әлемдегі екінші ірі нарық саналады.

Ван Сяохуэй, ҚХР кино мемлекеттік басқармасының жетекшісі:

- Банктермен ынтымақтастығымызды күшейтіп, қаржылай қолдау көрсетуге қоғамдық капитал мен сақтандыру компанияларын тарту керек. Кинотеатрларға қатысты жалға алу ақысынан босату және арнайы қорлар арқылы кинотеатрлаға несиелер беру секілді арнайы шаралар қабылдау қажет.

Үкімет жылдың аяғына дейін кинотеатрларды қосымша құн салығынан босатты. Арнайы қорлар осы саладағы 3 мың шағын және орта компаниялардың несиелік қысымын төмендетеді. Мамыр айынан бастап қайтадан кино түсіріле бастады. Мәселен қытайлық Голливуд деп аталған елдің ең ірі студияларының бірінде 40-тан аса түсіру тобы жұмысқа кірісіп кетті. Тағы алпысы өз кезегін күтіп отыр. 

Авторлары: Ботагөз Сырғабаева, Айгерім Сүлейменова

Хабар 24 телеарнасы