426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда бір апта ішінде аптап ыстықтан 1194 адам зардап шекті

  • 332
  • UPD: 18:01, 09.06.2020
Жапонияда бір апта ішінде аптап ыстықтан 1194 адам зардап шекті

Маусымның бірінші аптасында Жапонияда аптап ыстықтың салдарынан 1194 адам зардап шекті, олардың екеуі көз жұмды.

Өлім жағдайлары Ямагата және Фукусима префектураларында тіркелген. Жапонияның 14 префектурасындағы тағы 19 адам ауыр халде жатыр.

Олардың 36,8% үйде, 21% көшеде және 14% жұмыс орындарында ыстықтан зардап шеккен. Токиода сейсенбі күні температура 31 градусқа көтерілді. Ауа температурасы одан әрі жоғарыласа, Жапонияда ыстықтан құрбан болғандар саны артады деп күтілуде.

2019 жылы Жапонияда 70 мыңнан астам адам ыстықтан зардап шеккен, олардың 126-сы қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы