421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швейцарияда жолаушы алтын салынған қапты пойызда қалдырып кеткен

  • 326
  • UPD: 09:56, 15.06.2020
Швейцарияда жолаушы алтын салынған қапты пойызда қалдырып кеткен RT

Швейцарияда пойыз вагонында үш келі алтын салынған қапты тастап кеткен жолаушы іздестірілуде.

Алтын құны 152 мың фунт стерлингке бағаланған,  деп хабарлайды Daily Mail.

Өткен жылдың қазан айында Санкт-Галлен және Люцерн кантондарын байланыстыратын теміржол бөлігінде белгісіз біреу бағалы металл салынған дорбаны тастап кеткен.

Ішкі тергеу нәтиже бермеген соң жүк иесіне іздеу жарияланды.

Әзірге билік өкілдерінің қап тиесілі адамды қалай анықтайтыны хабаланған жоқ. Бір анығы, ұмытшақ жолаушының дорбасын қайтарып алуы үшін тағы бес жыл уақыты бар.

Хабар 24 телеарнасы