Иракта антирекорд. Соңғы тәулікте бұл елде коронавирустан 83 адам көз жұмып, кеселдің құрбаны болғандардың жалпы саны 856-ға жетті.
Ресми дерекке сай індетті 26 мың адам жұқтырған. Вирустан 11 300-ден аса науқас айығып шықты.
Айта кетейік, Иракта коменданттық сағат жалғасып жатыр. Ішкі және халықаралық әуе рейстері ұшпайды. Мектеп пен жоғары оқу орындары жабық тұр.