418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде пандемия басталғалы коронавирусты анықтайтын 20 млн тест жасалды

  • 178
  • UPD: 12:42, 29.06.2020
Ресейде пандемия басталғалы коронавирусты анықтайтын 20 млн тест жасалды russian.rt.com

Коронавирус пандемиясы басталғалы Ресейде шамамен індетті анықтайтын 20 миллионға жуық тест жасалды.

Бұл – Тұтынушылардың құқығын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау федералды қызметінің мәліметі, деп хабарлайды «Хабар 24.

Енді елдің бірнеше қалаларында осы ауруға қарсы антиденелерді анықтайтын тест өткізіліп жатыр. «Бұл аймақта ұжымдық иммунитеттің қаншалықты қалыптасып жатқанын анықтау үшін қолға алынған шара», - дейді сарапшылар. Яғни, тестінің бұл түрі адамның денсаулық жағдайын анықтамайды. Тек адам ағзасында дертке қарсы иммунитеттің қалыптасқанын  ғана көрсетеді.

Айта кетейік, қазір Ресейде 300 мыңнан астам адам дәрігерлердің жіті бақылауында ем қабылдап жатыр. Соңғы тәуліктің ішінде елде науқастардың қатары тағы 7 мыңға асты. Ал жалпы қауіпті індетке 600 мыңнан астам адам шалдыққан. 9 мыңнан астам тұрғын вирус құрбаны болды.

Хабар 24 телеарнасы