432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Африкада КВИ жұқтырған адам саны 400 мыңнан асты

  • 267
  • UPD: 08:33, 02.07.2020
Африкада КВИ жұқтырған адам саны 400 мыңнан асты

Африкада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 400 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аймақтық өкілдігі хабарлады. Аталған дерттен 10 мыңнан астам адам қайтыс болған. Індетті жұқтырғандардың дені  Оңтүстік Африкада тұрады. Онда 150 мыңнан астам адамнан «Ковид-19» анықталған. Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 10 миллионнан асып, 500 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы