417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада тілсіз жау бес адамның өмірін қиды

  • 142
  • UPD: 10:57, 09.07.2020
Украинада тілсіз жау бес адамның өмірін қиды

Осы аптаның басында Украинаның Луганск облысындағы Осколоновка ауылында тұтанған өрт әлі де дес бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апаттан 5 адам мерт болды. Ондаған тұрғын үй күлге айналды. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін өрт сөндірушілер мен әскерилер жұмылдырылды. Мамандардың жұмысына аймақта тұрған қатты жел кедергі келтіруде. Қазір кейбір елді мекенге қауіп төніп тұр. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қылқанды орман да отқа оранды. Қызыл жалын 5 мың гектар жерді шарпыған. Құтқарушылар қауіпті жерлерден 70 адамды эвакуациялады. Аймаққа ел президенті Владимир Зеленский келіп, апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Өрттен мерт болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Бүгінде 5 адам апаттың құрбаны болғаны белгілі. Ақпарат тағы да анықталатын болады. Енді адам шығыны болмайды деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы