418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта жануарлар құқығын қорғаушылар маймылдарды жұмысқа жегуге қарсы

  • 136
  • UPD: 15:25, 09.07.2020
Таиландта жануарлар құқығын қорғаушылар маймылдарды жұмысқа жегуге қарсы

Жануарлар құқығын қорғаушылар маймылдарды жұмысқа жегуге қарсы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық ұйымының зерттеуіне сәйкес, Таиланд фермерлері приматтардың еңбек күшін пайдаланумен қатар зорлық-зомбылық көрсететін көрінеді. Жануарлар жастайынан анасынан ажыратылып, кокос жинауға үйретіледі. Қашып кетпес үшін мойнына шыншыр кигізіледі. Ал егер қарсылық көрсетуге тырысса, азу тістерінен айрылады дейді мамандар. Бангкок билігі жануарларға қатыгездік көрсетілетіндігін жоққа шығарды. Дегенмен кокос жаңғағын жинау үшін маймылдардың көмегіне жүгінетіндіктерін айтады. Алайда экспортқа арналған өнім арнайы техниканың көмегімен жиналатын көрінеді.

Эшли Фруно, жануарлар құқығын қорғау ұйымының жетекшісі:

– Олар кокос жаңғағын жинауға маймылдарды жегуді тоқтатады және басқа елдердегі сияқты машиналарды қолданады деп үміттенеміз. Бұлай болмаған жағдайда, біз тұтынушыларды Таиланд кокосынан бас тартуға үндейміз.

Жануарлар құқығын қорғаушылардың айтуынша, Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланд және өзге де елдердің сауда компаниялары Таиландта маймылдардың көмегімен жиналған өнімдерден бас тартқан.

Хабар 24 телеарнасы