426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токиода коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

  • 239
  • UPD: 14:57, 09.07.2020
Токиода коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді фото: NHK

Токиода соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 220-дан астам жаңа жағдайы тіркелді.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Бұл Жапонияда коронавирустың таралуы басталғаннан бері Токио үшін рекордтық көрсеткіш болды.

Токиода коронавирус жұқтыратындардың басым көпшілігі белсенді 20-дан 40 жасқа дейінгі адамдар.

Жапонияда СOVID-19 жұқтырғандардың саны, оның ішінде Diamond Princess круизінің экипажы мен жолаушыларын қосқанда 21 мыңнан асты, қаза болғандар саны – 995 адам.

Жалпы елде 18 мыңға жуық адам сауығып кетті. Қазіргі уақытта 36 науқастың жағдайы ауыр.

Хабар 24 телеарнасы