418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда коронавирус пен пневмониядан өлім-жітім көбейді

  • 188
  • UPD: 12:07, 10.07.2020

Қырғызстанда коронавируске қатысты жағдай ушығып тұр. Көрші елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері науқастар санының күн санап артып жатқанын айтып дабыл қағуда. Елде коронавирустан гөрі пневмониядан қайтқандар көп.

Соңғы тәулікте көрші елде коронавирусты жұқтырудың 350-ден аса дерегі тіркелді. Жаңа оқиғалардың бір бөлігі күндізгі стационарда анықталды. Бұл өзін нашар сезінгендер үшін арнайы ұйымдастырылған орындар. Ең көп науқас Бішкекте. Мұнда ауруханаларда орын тапшы. 

Мунара Омуралиева, күндізгі стационар басшысы:

- Келіп түсіп жатқан науқастарда әртүрлі белгілер байқалуда. Бұл дене қызуы және өзге де симптомдар. Қант диабетімен ауыратындар да бар. Алайда инфекциядан қандай асқыну болатынын білмейміз. Сол себепті бәрін қабылдап жатырмыз. Кейбіреулер өз дәрілерін алып келеді. Бірақ біз бұл жерде тек алғашқы көмек ғана көрсетеміз. Мұнда өкпені жасанды желдету аппараттары мен оттегі концентраторлары жоқ. 

Елде соңғы уақытта пневмонияға шалдығу деректері артып кеткен. Аурудан кісі өлімі де көп. Соңғы тәулікте коронавирустан 4 адам көз жұмса, 42-сі пневмониядан қайтыс болды. Алғашында инфекция құрбандары негізінен қарт кісілер деп саналып келген. Алайда соңғы уақытта 30-жасқа дейінгі тұрғындардың өлімі көбейген.

Назгүл Кармышакова, күндізгі стационар дәрігері

- Біздің стационарда медбикелер жетіспей жатыр. Мұнда 70-ке тарта төсек бар. Сонда әр қатарға 2 медбикеден келеді. Алайда олар бәріне бірдей көмектесіп үлгермей жатыр. Тіпті тамақ ішуге де уақыттары жоқ. 

Медициналық қызметкерлер тапшылығы мәселесін шешу үшін премьер-министр дәрігерлерді еңбек демалысынын шақыртуға бұйрық берді. Одан бөлек медициналық білім беру мекемелерінің соңғы курс студенттері де көмектесіп жатыр. Алайда соның өзі де жеткіліксіз көрінеді. Соңғы мәлімет бойынша, Қырғызстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 9 мыңға жуықтайды. Билік ахуалдың қиын екенін мойындап отыр. Алайда төтенше жағдай тәртібін енгізбейтіндерін айтады.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы