421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Латын Америкасы мен Кариб бассейнін пандемия ошағы деп атады

  • 172
  • UPD: 11:51, 10.07.2020
БҰҰ Латын Америкасы мен Кариб бассейнін пандемия ошағы деп атады

Соңғы кездері Латын Америкасы мен Кариб бассейні пандемия ошақтарының бірі болып отыр.

Мұнда әлеуметтік теңсіздік артқан және бейресми жұмыспен қамту деңгейі жоғары. Өңірдегі медицина барлығына бірдей қолжетімді емес. Денсаулық сақтау органдарының жұмысы да барлық жерде жолға қойылмаған. Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш осылай деп мәлімдеді.

Ол басты қауіп кедейлерге, мүгедектерге, қарттарға, әйелдерге, байырғы халықтың өкілдеріне және мигранттарға төніп тұрғанын ескертті.

Бүгінде БҰҰ Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі пандемияға қатысты аналитикалық мәлімет ұсынды. Онда коронавирусты тежеу және дағдарысты еңсеру туралы ұсыныстар берілген. Құжатта теңсіздікпен күреспей, сондай-ақ елдің халықаралық көмегінсіз өңірлер күйзелістерге төтеп бере алмайтыны айтылған. Құжатта теңсіздікпен күрес жүргізілмесе және халықаралық көмек болмаса, өңір елдері күйзелістерге төтеп бере алмайтыны айтылған.

Пандемияның салдарынан аймақтағы кедейлік деңгейі 7%-ке артып, осылайша, 230 миллион адам кедей және 96 миллион адам қайыршылар санатында болады. Жұмыспен қамту деңгейі 8%-тен астамға төмендейді. 44 миллион адам жұмыссыз қалады. Нәтижесінде теңсіздік одан әрі көбейеді. Бұл Латын Америка мен Кариб бассейні елдерінде медициналық сақтандыруға табысы төмен адамдардың 32%-і ғана ие.

«Біз вирустың одан әрі таралуын болдырмау үшін және барлық адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін күресті күшейтуде қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бірақ біз бұрын-соңды болмаған әлеуметтік-экономикалық салдарларға байланысты шаралар қабылдауымыз керек », - деп атап өтті Бас хатшы.

Ол Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі көптеген елдер, атап айтқанда, дамып келе жатқан кішкентай арал мемлекеттер халықаралық көмекке мұқтаж елдер тізіміне енуі керек деп қосты.

Хабар 24 телеарнасы