419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Суданда экс-президентке қатысты сот ісі басталды

  • 303
  • UPD: 15:02, 22.07.2020
Суданда экс-президентке қатысты сот ісі басталды

Суданда осы елдің бұрынғы президенті Омар әл-Баширге қатысты сот ісі басталды, хабарлайды «Хабар 24».

76 жастағы экс-президентке «1989 жылы үкіметті күшпен құлатуды ұйымдастырды» деген айып тағылып отыр. Сол кездегі мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде Омар әл-Башир билік басына келген. Осыдан кейін ол Суданды 30 жыл басқарып, тек 2019 жылы ғана биліктен кетірілген еді. Суданның бұрынғы президентіне қатысты көптеген тергеулер жүріп жатыр. Мысалы, 2009 жылы Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот әл-Баширге «2003 жылы Дарфур аймағында геноцид жүзеге асырды» деп, оны ұстау туралы шешім шығарған. Алайда, Суданның жаңа билігі оны халықаралық сотқа беруден бас тартқан.

Хабар 24 телеарнасы