423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл өз ел аумағында демалған ресейліктерге кешбэк төленеді

  • 207
  • UPD: 11:15, 23.07.2020
Биыл өз ел аумағында демалған ресейліктерге кешбэк төленеді Hotelier.PRO

Ресей үкіметі ел азаматтарына осындай уәде берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни демалысқа жаратқан ақшасының кейбір бөлігі қайтарылады. Ол үшін бастысы Үкімет бекіткен өңірлер тізімінде демалып, шығынды Мир картасымен өтсеңіз болғаны. Министрлер кабинетінің айтуынша, жаратқан сомасына қарай өз елінде демалған азаматтарға 20 процентке дейін қаражатын қайтару жоспарланған. Ресейдің туризм бойынша федереалды агенттігі бұл жеңілдіктер үшін резервті қордан 15 миллиард рубль қаражат бөліпті. Құжатты ел премьері бекіткен. Жобаға үш миллионға дейін ресейлік азаматтар қатысады деген жоспар бар. Акция 15 тамыз күні басталады. Бұл шаралар үкіметтің айтуынша, пандемиядан зардап шеккен туризм саласын қолдауға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы