420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде жұмыссыз қалғандар стадионды паналауға мәжбүр

  • 178
  • UPD: 22:02, 28.07.2020

Филиппин астанасы Манилада мыңдаған адам стадионда тұрып жатыр. Бұл коронавирус індетінің салдарынан жұмысынан айырылған өзге аймақтардың тұрғындары. Филиппин Оңтүстік-Шығыс Азияда пандемиядан ең көп зардап шеккен ел. 100 миллион тұрғыны бар мемлекеттте 83 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған.

Рики Якит, мейрамхананың бұрынғы қызметкері:

- Тезірек үйге қайтқым келіп тұр. Мұнда тұру қиын. Көп адаммен араласуға тура келеді. Сондықтан осында кідіріп қалсақ, ауруды жұқтырып алуымыз мүмкін.

Вирджиния Осье, мектептің бұрынғы мұғалімі:

- Бізді екінші топпен аттандыратынын айтты. Бірақ біз 10 күн күтуіміз керек, осы мезгілде стадионда қалуға тиіспіз.

Хабар 24 телеарнасы