428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте президенттік сайлауға мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

  • 230
  • UPD: 23:55, 04.08.2020
Беларусьте президенттік сайлауға мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

Саяси шара 8 тамызға дейін жалғасады, хабарлайды «Хабар 24».

Осы уақыт аралығында түрлі себептерге байланысты сайлау күні дауыс бере алмайтын азаматтар өз таңдауын жасай алады. Ол үшін ел бойынша 5800-дей сайлау учаскесі ашылды. Саяси додаға 5 үміткер қатысып жатыр. Арасында қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко мен оппозициялық кандидат Светлана Тихановская да бар.

Айта кетейік, осымен алтыншы рет сайлауға түсіп отырған Александр Лукашенко өзінің сайуалды бағдарламасын ресми жария етті. Онда Беларусь президенті ел конституциясын өзгерту жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы