424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испаниядағы мейрамханада виртуалды даяшы іске қосылды

  • 220
Испаниядағы мейрамханада виртуалды даяшы іске қосылды

КОВИД-19 әлем халқының өміріне көп өзгеріс әкелді. Ресми мәлімет бойынша Испанияда жыл басынан бері 40 мың бар мен мейрамхана жабылып қалған.

Тағы 85 мыңы осындай жағдайға тап болуы мүмкін. Сол себепті тамақтану орындары келушілердің вирусты жұқтырып алу қаупін төмендету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Мәселен, Жирона қаласының іргесіндегі мейрамханада «виртуалды даяшы» қызметі іске қосылған. Меймандар телефонындағы қосымша арқылы мәзірді қарайды, тапсырыс беріп, төлем жасайды. Ал даяшы қонақтарды тек тапсырысты әкелгенде ғана көреді. 

Карлос Манич, мейрамхана иесі:

- Біз екі ай бойы қосымшаны әзірлеумен айналыстық. Ол мейрамхана қызметкерлері мен қонақтар арасында әлеуметтік қашықтықты сақтауға көмектеседі. Бұл коронавирус өршіп тұрған қазіргідей жағдайда аса өзекті мәселелердің бірі. 

Клаудия Медина, жергілікті тұрғын:

- Өте ыңғайлы қосымша. Тапсырысты бақылап отырасыз. Яғни оның қанша уақыт әзірленетінін, қашан дайын болатынын білесіз. 

Хавьер Комас, жергілікті тұрғын:

- Білмеймін, мейрамханада отырғандай болмайсың. Өйткені тапсырыс бергенде даяшыға тікелей сұрақтар қойып, әңгімелесе аласыз. Ол талғамыңызға қарай ұсыныс жасайды. Ал мына қосымша оған мүмкіндік бермейді.

Хабар 24 телеарнасы