421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейрутты бүлдірген аммиак селитрасы қоймада алты жыл сақталып келген

  • 249
  • UPD: 14:25, 05.08.2020

Бейрут портындағы жарылыстың себебі дұрыс сақталмаған аммиак селитрасы.

Химиялық зат қоймада алты жыл бойы жатқан. Бұл туралы Ливан премьер-министрі Хасан Дияб мәлімдеді. Ішінде жарылғыш зат болғанына қарамастан қойма сауда үйлері мен ірі мекемелер бар қаланың адам көп шоғырланатын аймағында орналасқан.

Айта кетейік, амоний селитрасы құрамында азот бар, суда жақсы еритін, түйіршікті тұз. Әдетте ол өсімдікке тыңайтқыш ретінде ал кейде кейбір жарылғыш заттарда қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы