Египеттің Эль-Гуна курорттық қаласындағы әуежайда шағын жекеменшік ұшақ апатқа ұшырады.
Күнделікті ойын-сауық рейстерін жасайтын ұшақ әуежайдың ұшу-қону жолағына соғылған.
Апат болған кезде ұшақта екі ұшқыш пен бір жолаушы болған. Олардың екеуі ауруханаға жатқызылды. Үшінші адамның жағдайы әзірге белгісіз.