420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Ресейде шыққан вакцина жайында толық мәлімет жоқ

  • 170
  • UPD: 12:55, 12.08.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейде коронавирустың жаңа түріне қарсы шыққан вакцина жайында әзірге толық ақпарат алмағанын айтады, хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымның АҚШ-тағы өкілі Джарбас Барбосаның айтынша, вакцина дүйім жұртқа қолжетімді болу үшін зерттеудің барлық кезеңдерінен сәтті өтуі керек.

Джарбас Барбоса, ДДСҰ өкілі:

- Ресейде COVID-19 дертіне қарсы вакцина шықты деген жаңалық бар. Препарат клиникалық сынақтың 3 кезеңінен де сәтті өтуі тиіс. Кейін өдіруші дәріні лицензиялау керек. Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа вакцина жайында толық мәлімет алу үшін Ресей мамандарымен тығыз байланыста. Тәртіп бойынша бұл дәрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының да тексерісінен өтуі қажет.

Естеріңізге салайық, күні кеше Ресей президенті Владимир Путин үкімет мүшелерімен өткен кездесуде Ресейде коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаның тіркелгенін жариялады. Сонымен қатар дозаны жаппай шығару жуық арада басталатынын да айтты.

Хабар 24 телеарнасы