424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перуде коронавирустың таралуы басылмай тұр

  • 243
  • UPD: 14:54, 17.08.2020
Перуде коронавирустың таралуы басылмай тұр

Перуде коронавирус инфекциясының таралуы басылмай тұр. Жергілікті билік әр жексенбі тұрғындарға үйден шығуға тыйым салды. 

Өткен демалыс күні Лимада тек аурухана, дәріхана мен шаһардың тыныс тіршілігіне қажетті мекемелер ғана жұмыс істеді. Қоғамдық көлік қатынасы да шектелді.

Мамандардың айтуынша, соңғы кездері вирус жұқтырғандар қатары тағы 10 мыңға жуық адамға артқан. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты отбасылық жиын-той өткізуге тыйым салынды. Ереже бұзғандарға 108 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл салынуда. Сондай-ақ жуырда аймақтағы оқшаулану режимі әскери тікұшақпен әуеден де бақыланды.

Айта кетейік, Перуде ковидке шалдыққандар 525 мыңнан асты. 26 мыңнан астам науқас көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы