420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Луизиана штатының халқы полицияның озбырлығына қарсы ереуілге шықты

  • 115
Луизиана штатының халқы полицияның озбырлығына қарсы ереуілге шықты

Американдықтар тағы да полицейлердің озбырлығына қарсы бас көтерді. Бұл жолы ереуілге Луизиана штатындағы Лафайетт қаласының тұрғындары шыққан.

21 тамызда шаһарда бәзбіреулер қолында пышағы бар ер адамның дүкенге кірмек болғанын айтып, полиция шақыртқан. Тұтқындау кезінде ол қашпақ болды. Салдарынан тәртіп сақшылары 10 шақты рет оқ атып, 31 жастағы қара нәсілді ер адам қаза тапты.

Луизиана штатының полициясы бұл оқиғаға қатысты тергеуін бастап кетті. Алғашында ереуілдер бейбіт түрде өткен. Алайда түнде наразылық акциясының соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, бірнеше адам қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы