420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей оқушылары жаңа оқу жылын мектеп қабырғасында қарсы алатын болды

  • 165
  • UPD: 11:01, 27.08.2020

Бірақ сақтық мақсатында Білім министрлігі мұғалімдерге сабақ үстінде маска тағуды міндеттеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Денсаулық сақтау министрлігі болса, жаңа ресейлік вакцинаны ең бірінші болып дәл осы оқытушылар алатынын айтып отыр. Сонымен, биылғы оқу жылы Ресей мектептеріне қандай өзгеріс әкелді?

Дана Нұржан, тілші:

- Алғашқы қоңырау салтанатына тыйым салынады. Оқушылар сап түземейді. Ал, оқытушылар маска тағуы тиіс. Роспотребнадзор бекіткен ереже талабы бұл. Биыл барлық білім беру мекемесі бірден сабаққа кіріседі. Ал, балалар мейлінше сирек араласу үшін әр сыныпқа бір-бір кабинеттен бөлінбек. Сақтық мақсатында сабақ уақыты да бәріне бір мезгілде болмайды. әр сыныпқа әртүрлі уақытта өтеді. Десе де, «үйірме мен секцияның жұмысы қалай ұйымдастырылады, оқытушылар коронавирусқа қарсы вакцинациядан міндетті түрде өтуі қажет пе» деген сауалдардың жауабы әлі де белгісіз.

Константин Гужевкин, Білім беру саласы қызметкерлері кәсіподағының өкілі:

- Оқытушылар қауымы қатты алаңдаулы. Өйткені оқушылар легінің мектепке келу уақытының аралығы әркелкі болса, бұл әрине, мұғалімге де қиынға соғары сөзсіз. Осы мәселеге қатысты қазір толық ақпарат болмай тұр.

Мектептерде зарарсыздандыру жұмыстары күшейтіледі. Тіпті оған ата-аналардан ақша жиналмайтын болды. Ал, егер оқушылардың бірінен коронавирус анықталған жағдайда, көктемдегідей бүкіл мектеп емес, тек бір сынып қана карантинге жіберіледі. Жалпы алғанда, жаңа оқу жылы мұғалімдерге де, ата-аналарға да, балаларға да қиын соғайын деп тұр.

Виктория Рашина, «Мама в праве» орталығының директоры:

- Роспотребнадзор бекіткен ережелер жыл соңына дейін сақталады. Сондықтан мұндай режимге шыдауымыз керек. Кейін не боларын көре жатармыз. Уақыт көрсетеді.

Ирина Волынец, Ұлттық ата-ана комитетінің төрайымы:

- Санаулы күннен кейін басталатын жаңа оқу форматы қиын, әрине. Жұмыс берушінің бәрі бұған келісе қоймас. Жағдай жасауы да екіталай. Қалай болғанда да шыдауымыз керек.

Қазір жұрт көкейінде жүрген негізгі сұрақтардың бірі – қашықтан оқыту форматы. Бірақ оған көшу коронавирустың екінші толқынына байланысты болып тұр. Білім министрлігі әзірге дәстүрлі сабақ беру форматы қала беретінін айтады. Ал, қашықтан оқу тек мәжбүрлік туса ғана қарастырылады.

Авторлары: Дана Нұржан, Дмитрий Настиченко

Хабар 24 телеарнасы