424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Африканың 26 млн тұрғыны кедейлікке ұшырауы мүмкін

  • 158
Африканың 26 млн тұрғыны кедейлікке ұшырауы мүмкін

Сахара шөлінің түстігінде жатқан Африка елдерінің экономикасы құлдырады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Соңғы 25 жылда болмаған жағдайдан аймақтағы елдердің жалпы ішкі өнімі 15 процентке төмендеп кеткен. Гана қаржы министрінің айтуынша, бұл рецессия енді ұзаққа созылуы мүмкін. Және соның салдарынан қара құрлықтың 26 миллион азаматы кедейліктің кебін киеді, дейді ол. Айта кетейік, Африка елдерінің мұндай қиындыққа тап болуына коронавирустың таралуын тоқтату үшін енгізілген шектеу шаралары себеп болды. Бүгінде бүкіл құрлық бойынша 1 миллион 250 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция табылған. 30 мыңдай кісі қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы