420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда жер сілкінісінен 11 адам зардап шекті

  • 128
  • UPD: 11:25, 04.09.2020
Жапонияда жер сілкінісінен 11 адам зардап шекті

Жапонияның орталық бөлігіндегі Фукуи префектурасында 5,0 магнитудалық жер сілкінісінен кем дегенде 11 адам жарақат алды, деп хабарлады Kyodo агенттігі.

Зардап шеккендердің арасында екі бала бар. Сонымен бірге жергілікті билік бір апта ішінде Фукуиде осындай қуаттылықтағы тағы бір жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескертті.

Цунами қаупі жарияланған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы