421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда тайфуннан жарты мыңға жуық баспана жарықсыз қалды

  • 117
  • UPD: 11:02, 07.09.2020
Жапонияда тайфуннан жарты мыңға жуық баспана жарықсыз қалды

Жапонияның Кюсю аралында ойран салған Хайшен тайфунынан шамамен 430 мың баспана жарықсыз қалды.

Апаттан ондаған адам жарақат алған. Жергілікті билік дер кезінде 200 мыңға жуық тұрғынды эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Қазір елдің батыс префектурасындағы барлық мектептер, сауда орталықтары мен өндіріс орындары жабық. Табиғат апатынан аймақтағы әуе және теміржол қатынасы да тоқтады. Енді тайфунға  Приморье өлкесі мен Корей түбегі де дайындалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы