426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль халқы Нетаньяхудың отставкасын талап етті

  • 115
  • UPD: 14:03, 07.09.2020
Израиль халқы Нетаньяхудың отставкасын талап етті

Израильде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты халық премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етуде.

Осыдан екі апта бұрын басталған наразылық акциясы күні бүгінге дейін басылмай тұр. Әдетте шара тыныш аяқталатын. Алайда өткен демалыс күндері шеру тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Салдарынан 13 адам қамауға алынды.

Реут Перетц, жерглікті тұрғын:

- Халық түрлі себептермен ереуілге қатысуда. Біреулері жұмыссыз қалса, басқалары жергілікті биліктің саясатына наразы. Әсіресе Биньямин Нетаньяхудың жұмысына көңіліміз толмайды. Үкімет министрлер кабинетінің құрамын жаңарту керек.

Қазір Израильде вирус жұқтырғандардың саны күннен күнге артып барады. Жергілікті билік аурудың таралуын тоқтату үшін індет өршіп тұрған өңірлерде жаңа шектеу шараларын енгізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы