426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда шулы іске қатысы бар Ассанжды экстрадициялау ісі қайта ашылды

  • 144
  • UPD: 17:39, 07.09.2020
Лондонда шулы іске қатысы бар Ассанжды экстрадициялау ісі қайта ашылды

Лондонда WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау туралы сот отырысы қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шулы іске қатысты сот ақпан айында басталған. Бірақ коронавирусқа байланысты тоқтап, мамыр айында кейнге шегерілген. Бүгін сот қорғаушылардың куәгерлерін тыңдауы тиіс. Ассанж адвокаттары сотқа істің саяси астары барын және 49 жастағы журналисті экстрадициялау сөз бостандығына зор нұқсан тигізетінін түсіндірмек ниетте. Ал АҚШ билігі Ассанж 2010-2011 жылдары үкіметтің компьютерлерін бұзып, құпия құжаттарды жария етті деп айыптап отыр. Вашингтон Ассанж мәліметтерді түпнұсқада жариялап, Ирак, Иран және Ауғанстанда көптеген адамның өміріне қауіп төндірді дейді.

Хабар 24 телеарнасы