420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда шектеу шаралары қатаңдатылып жатыр

  • 125
  • UPD: 08:36, 09.09.2020
Түркияда шектеу шаралары қатаңдатылып жатыр

Түркияда коронавирусты жұқтырғандар санының өсуіне байланысты шектеу шаралары қатаңдатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалаларда қоғамдық көлікте тұрып тұруға тыйым салынды. Осымен бірге мейрамханалар мен дәмханаларды бақылау күшейтілді. Бетперде тақпай, әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған азаматтарға айыппұл салынбақ. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, елде вирустың таралуы қайта қарқын алған. Соңғы уақытта күн сайын 1 жарым мыңнан астам адамнан вирус анықталып отыр. Жалпы бұл елде дертті жұқтырғандардың саны 281 мыңнан асып, олардың 252 мыңдайы жазылып шыққан.

Хабар 24 телеарнасы