426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та боран соғып, қалың қар түсті

  • 199
АҚШ-та боран соғып, қалың қар түсті

Калифорния штатын аптап ыстық пен орман өрті әуре сарсаңға салса, Невада, Юта, Вайоминг пен Колорадода ызғырық боран мен қалың қар әбігерге түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Канададан келген суық желдің екпіні сағатына 56 шақырымға дейін жетеді. Кей аймақтарда түскен қардың қалыңдығы 15 см-ге дейін көтерілген. Синоптиктер осы аптада ауа температурасы елдің орталық бөлігінде де төмендеуі мүмкін деп отыр. Аймақта күн күркіреп, жауын-шашын да жауу мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы