420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбиядағы ереуіл тәртіпсіздікке ұласып, сегіз адам мерт болды

  • 82
  • UPD: 09:45, 11.09.2020
Колумбиядағы ереуіл тәртіпсіздікке ұласып, сегіз адам мерт болды фото: aa.com.tr

Колумбиядағы полиция қызметкерлерінің озбырлығына қатысты ұйымдастырылған жаппай ереуіл тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 8 адам мерт болды. Билік өкілдерінің хабарлауынша, тағы 150-ге жуық адам жарақат алған. Олардың 100-і полиция қызметкері. Ел астанасында 70 адам қамауға алынды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, наразылық акция Богота, Медельин, Ибаге мен Перейра қаласында ұйымдастырылды.

Айта кетейік, халықтың ашуға бой алдыруына 46 жастағы Хавьера Ордонезаның полиция өкілдерінің қолынан қаза табуы түрткі болды. Әлеуметтік арақашықты сақтамаған Хавьераны тәртіп сақшылары тұтқындау кезінде бірнеше рет электр есеңгіреткішті қолданған екен. Салдарынан марқұм ауруханада жан тапсырды.

Карлос Холмс Трухильо, Колумбияның қорғаныс министрі:

- Үкімет пен құқық қорғушылар бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып, айыптылар жазаға тартылатын болады. Барлығы заң жүзінде тексеріледі. Оған уәде беремін.

Хабар 24 телеарнасы