426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан коронавирус жұқтыру бойынша антирекорд орнатты

  • 156
Үндістан коронавирус жұқтыру бойынша антирекорд орнатты

Үндістанда бір тәулікте вирусты 96,5 мың адам жұқтырып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте бұл елде қауіпті вирусты 96,5 мыңнан астам тұрғын жұқтырып алған. Дерттен 1000-нан астам науқас көз жұмды. Үндістанда коронавирусқа шалдыққандар саны 4,5 млн-нан асты. Бірақ науқастардың 77% індеттен жазылып кеткен. Жалпы әлемде коронавирусқа ең көп шалдыққандар АҚШ-тан кейін осы Үндістанда тіркелген. Бірақ жергілікті билік экономиканы қайта қалпына келтіру үшін шектеу шараларын жеңілдетуге көшкен.

Хабар 24 телеарнасы