426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австрияда шектеу шаралары қайта қатаңдатылып жатыр

  • 113
  • UPD: 09:09, 12.09.2020
Австрияда шектеу шаралары қайта қатаңдатылып жатыр

Австрияда коронавирусты жұқтырғандар санының өсуіне байланысты шектеу шаралары қайта қатаңдатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі соңғы уақытта вирус күн сайын жүздеген адамнан анықталуда. Осыған байланысты елде барлық жабық қоғамдық орында бетперде тағып жүру міндеттелді. Және ғимараттарда адамдар санын қадағалау қолға алынбақ. Билік эпидемиологиялық жағдай жуық арада жақсара қоймайтынын айтып, шектеу шаралары қысқа дейін жалғасуы мүмкін екенін ескертті. Ал ресми дерекке қарағанда Австрияда жұқтырғандар 32 мыңға жуықтаған.

Хабар 24 телеарнасы