421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Daimler АҚШ-қа 1,5 млрд доллар айыппұл төлеуге келісті

  • 87
Daimler АҚШ-қа 1,5 млрд доллар айыппұл төлеуге келісті

Daimler автоконцерні АҚШ билігіне дизельді жанжалға қатысты 1 жарым миллиард доллар айыппұл төлеуге келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, неміс концерні тұтынушылардың шағымын өтеу үшін 700 миллион доллар төлеуі тиіс. Сарапшылар бұл көліктен бөлінетін зиянды қалдықтар төңірегіндегі ең ірі айыппұлдың бірі деп атады. Айта кетейік, 2019 жылы Германияда Daimler компаниясының дизельді көліктерінің төңірегінде жанжал туып, АҚШ органдары өз тергеуін бастаған. Себебі бірлестік осы көліктерінің ауаға шығаратын зиянды газ мөлшерін төмендетіп көрсету үшін арнайы бағдарлама қолданған. АҚШ билігі неміс концерні осындай жолмен 250 мыңға жуық көлік сатты деп айыптаған.

Хабар 24 телеарнасы