429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда дәстүрлі «Октоберфест» мерекесінің орнына шағын кештер өтеді

  • 175
  • UPD: 15:50, 20.09.2020
Германияда дәстүрлі «Октоберфест» мерекесінің орнына шағын кештер өтеді

Германияда дәстүрлі «Октоберфест» деп аталатын сыра мерекесін өткізуге ресми тыйым салынғанмен, Мюнхенде шағын кештер ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ әдеттегідей үлкен шатырлар тігілмейді. Тағам сататын дүңгіршектер де қойылмаған. Адам аяғы да аздау.

Індетке байланысты қаладағы 50-ге жуық сырахана санитарлық талапты сақтай отырып, шағын кештер өткізуді шешкен. Адамдар мерекені ғимарат ішінде аздаған топпен атап өтуде. «Октоберфест» мерекесі 1810 жылы Баварияның болашақ королі Людвиг I мен ханшайым Терезаның үйлену тойы кезінен бастау алады. 210 жылдық тарихында сыра мерекесі тек 24 рет қана өткізілмепті. Оған қазіргідей індет және соғыс себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы