428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең ықпалды 100 адамның есімі аталды

  • 208
  • UPD: 16:10, 23.09.2020
Әлемдегі ең ықпалды 100 адамның есімі аталды

Жыл әлі аяқталған жоқ, бірақ Time журналы 2020 жылғы әлемдегі ең ықпалды 100 тұлғаның рейтингін ұсынды.

Олар бірнеше санатқа бөлінеді: «Титандар», «Жаңашылдар», «Өнер иелері», «Көшбасшылар» және «Кумирлер».

«Көшбасшылар» тізіміне АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның сайлаудағы қарсыласы Джо Байден кіреді. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасының басшысы Си Цзиньпин, Германия канцлері Ангела Меркель бар. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысы АҚШ ұлттық аллергиялық және инфекциялық аурулар институтының директоры Энтони Фаучи де осы санатқа кірді.

«Титандар»-дың арасында Google компаниясының бас директоры Сундара Пичаи мен Қытайдың жетекші эпидемиологы Чжун Наньшань да бар. Тізімдегі мемлекеттік қызметкерлер спортшылармен бірдей тұр. Сонымен, бұл санатта АҚШ Федералды резервтік жүйесінің басшысы Джером Пауэлл мен «Формула-1»-дің алты дүркін чемпионы Льюис Хэмилтон қатар тұр.

Журналдың нұсқасы бойынша биыл «жаңашылдар» тізімінде әнші Megan Thee Stallion, сондай-ақ НАСА астронавттары Джессика Мейр мен Кристина Кук бар. Тізімге тағы бір дәрігер кірген, ол Ухань вирусология институтының жетекші вирусологтарының бірі Ши Чжэнли.

Ықпалды өнер иелерінің қатарында The Weeknd, әнші Селена Гомез, актерлерден Фиби Уоллер-Бридж және Майкл Бакари Джордан бар. Сонымен қатар оңтүстік кореялық режиссер Пон Чжун Хо да рейтингке енген.

Хабар 24 телеарнасы